» » Елбасы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ елі алаңында ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. - Домбыра – қазақтың бренді мен паспорты. Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Менің Жарлығыммен жыл сайын осы айдың бірінші жексенбісі домбыра күні болып аталып өтілмек. Сол Жарлыққа байланысты бүгін тек қана Астанада емес, Қазақстанның барлық аумағында, облыс орталықтарында, қалаларда, аудандарда, ауылдарда да дәл осылай мерекелер өтуде. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзат тарихындағы асыл мұралар тізіміне енген. Қасиетті домбыраға деген құрмет бір сәт төмендеген емес. Бірнеше жыл бұрын Астанада күй атасы Құрманғазыға ескерткіш орнатылды. Алматыда Нұрғиса Тілендиевке ескерткіш қойылды, - деді Мемлекет басшысы. Елбасы 2 мыңнан астам домбырашының өнерін тамашалады. Домбырашылар "Көңіл ашар", "Адай", "Балбырауын", "Ерке сылқым", "Сарыарқа" күйлерін орындады. 

01 шілде 2018 ж. 2 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031