» » 15 қараша. Бүгін қандай күн?

15 қараша. Бүгін қандай күн?

Бүгін – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні.Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге. "Теңге" – "денге" немесе "таньга" деген ортағасырлық күміс тиындардың атауынан шыққан. Міне қызық, дәл осы түркі сөзінен орыс тіліндегі "деньги" сөзі пайда болған екен.
Биылғы жылы теңге 20 жасқа толып отыр.Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады. Оның құрамында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі С.Терещенко (комиссия төрағасы) және комиссия мүшелері — Қазақстан Республикасының вице-президенті Е.Асанбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Д.Сембаев, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғ.Байназаров, ҚР Қаржы министрі Е.Дербісов және ҚР Экономика министрі Б.Ізтілеуов болды.Республиканың Жоғарғы Кеңесінде және Үкіметінде өткізілген Ұлттық валютаның атауы туралы кеңейтілген жабық пікір-таластың нәтижесінде Жоғарғы Кеңестің жоспарлау-бюджет комиссиясының сол кездегі төрағасы болған С.Тәкежановтың ұлттық валютаны — "Теңге", ал оның жүзден бір бөлігін — "Тиын" деп атау туралы ұсынысы қабылданып, теңгенің дизайнын дайындау құрамында Т.Сүлейменов (жетекші), М.Әлин, Х.Ғабжәлилов және А.Дүзелханов (дизайнерлер) бар авторлық ұжымға тапсырылған.1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге тұңғыш рет Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын ағылшын компанияларының бірінде дүниеге келген. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Сол күннен бері 15 қараша – Ұлттық валюта күні ретінде атап өтіліп келеді.Бүгін – Қазақстанда Қаржыгерлер күні атап өтіледі.Экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін 1997 жылдан бері атап өтуде. Бұл мереке де Ұлттық валюта күніне сай белгіленген.
15 қараша 2018 ж. 3 867 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 827
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 551

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930