» » Халыққа қызмет — абыройлы міндет

Халыққа қызмет — абыройлы міндет


23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан Полициясы күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің мерекелік қабылдауы өтті.

Аудан басшысы мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Сондай ақ, Тәуелсіздік жылдарында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлердің еселі еңбектерін тілге тиек етіп, ризашылығын жеткізді.

Одан кейін, шара барысында ауданымыздың ілгері дамуына айрықша үлес қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге облыс және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Аудандық қоғамдық даму, экономика және қаржы бөлімдері мен Төретам кенті әкімі аппаратына жаңа қызметтік автокөліктердің кілті тапсырылды. Сонымен қатар, шағын футболдан өткен аудан әкімінің кубогына арналған турнир жеңімпаздары марапатталды.

Айта кетейік, аудан әкімінің кубогы үшін өткен турнирде «Полиция бөлімі» командасы топ жарса, екінші орынға «Жосалы кенті әкімі аппараты», үшінші орынға «Қорқыт елі» (аудандық қоғамдық даму, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімдерінен құралған) командасы тұрақтаған болатын.

Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, құқық қорғау органдарының ардагері Е.Назарқұлов, мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін жеткізді.

21 маусым 2024 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10317)

02 шілде 2024 ж.

№51 (10316)

29 маусым 2024 ж.

№50 (10315)

25 маусым 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Талпыныс
24 маусым 2024 ж. 1 331
Ұрының арты – қуыс

Ұрының арты – қуыс

08 қаңтар 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 3 560

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031