» » Қармақшыда шағын футболдан аудан әкімінің кубогы өтті

Қармақшыда шағын футболдан аудан әкімінің кубогы өтті


Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылдық округінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне орай «Аудан әкімінің кубогы» жүлдесі үшін шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай ақ, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан кейін аудандық мәслихат төрағасы, аудандық футбол федерациясының төрағасы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері Асқар Мереков, Қаршыға Есдаулетовтер құттықтау тілектерін жеткізіп, батасын берді.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен дүбірлі спорт додасына 29 мемлекеттік мекемеден 10 команда, 100-ден аса спортшы қатысып, ала доп бәсекесінде сайысқа түсті.

Тартысты өткен турнирде «Полиция бөлімі» командасы топ жарса, екінші орынға «Жосалы кенті әкімі аппараты», үшінші орынға «Қорқыт елі» (аудандық қоғамдық даму, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімдерінен құралған) командасы тұрақтады.

Жеңімпаз командаларға арнайы аудан әкімінің кубогы мен дәрежелік дипломдар және демеуші азаматтар тағайындаған қаржылай сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, ауданда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында жалпы құны 1.3 млрд. тенге болатын дене-шынықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда аудан көлемінде 17 балалар және спорттық ойын алаңындары салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде, аудандық бюджет есебінен 10, демеушілер есебінен 7.

16 маусым 2024 ж. 739 1

Marquis от 28 мамыр 2025 19:12
Wow many of terrific facts! casino en ligne You said it perfectly! casino en ligne Truly all kinds of good info. casino en ligne You actually expressed this terrifically! casino en ligne francais Appreciate it. Lots of posts! casino en ligne You suggested that effectively! casino en ligne You actually said that adequately. meilleur casino en ligne You suggested that terrifically. casino en ligne fiable Many thanks, Loads of posts. casino en ligne You've made the point! casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 856
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30