» » «Алтын күз – 2023» спартакиадасы

«Алтын күз – 2023» спартакиадасы

qarmaqshy-tany.kz Жақында аудан орталығында «Спорт күні» мерекесі және Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай ауыл спортшыларының «Алтын күз — 2023» аудандық спартакидасы өтті. Спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов құттықтау сөз сөйлеп, ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде Жосалы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілгенін және Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешендері салынып жатқанын айтты.
Спортты жанына серік етіп, талай биік шыңдарды бағындырып, аудан мәртебесін асқақтатып жүрген қармақшылық спортшылардың жетістіктерін тілге тиек етіп, биылғы жылы спорт саласында жеткен жетістіктерімізді мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, аудандық спартакиаданы ашық деп жариялады.
Айта кету керек аудандық спартакиадаға спорттың 6 түрінен, яғни шағын футбол, баскетбол, гір спорты, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату мен бес асықтан өткен жарысқа 11 ауылдық округ пен Төретам кентінен 200-ге жуық спортшы қатысты.
Тартысты да қызықты сәттермен өрнектелген жарыс қорытындысында шағын футболдан Т.Көмекбаев ауылының аяқдопшылары жеңімпаз атанса, қалған орынға Қуаңдария ауылы мен Төретам кентінің спортшылары тұрақтады. Баскетболдан ұлдар арасында өткен жарыста Жосалы кенті құрамасы І орынға, ІІ және ІІІ орынға тұрмағамбеттіктер мен дүроңғарлықтар көтерілсе, қыздар арасында өткен жарыста төретамдық баскетболшы қыздар бас жүлдені, дүроңғарлық қыздар екінші орыннан көрінді. Сонымен бірге гір тасын көтеру сайысында тұрмағамбеттік спортшылар І орынға, дүроңғарлықтар мен қуаңдариялықтар қалған жүлделі екі орынға жайғасты.
Келесі кезекте үстел теннисінен өткен тартысты жарыста Ақай ауылының теннисшілері жасындай жарқырап, жарыстың бас жүлдегері атанса, Жосалы және Төретам кенттері құрамасы қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті. Тоғызқұмалақта да Төретам кентінің спортшылары І орынға, Дүр Оңғар және Алдашбай ахун ауылы спортшылары ІІ және ІІІ орындарға көтеріліп, мерейлері үстем болды.
Сонымен қатар, асық атудан ақайлықтар, дүроңғарлықтар мен ақтөбеліктер алдыңғы үш жүлделі орынды өзара бөліссе, Бес асық ойынында Ақай ауылы командасы жарыс жеңімпазы, Дүр Оңғар ауылы ІІ орын, ал Төретам кенті ІІІ орын иегері атанды.
Жалпы командалық есеп бойынша аудандық «Алтын күз2023» спартакиадасының жеңімпазы болып, 114 ұпаймен Дүр Оңғар ауылы спортшылары танылды. ІІ орынға 86 ұпаймен Төретам кентінің құрамасы, ал жүлделі ІІІ орынға 75 ұпаймен Ақтөбе ауылы құрама командасы көтерілді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
15 тамыз 2023 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930