» » Қармақшыда спорт күні аталып өтті

Қармақшыда спорт күні аталып өтті

Кеше аудандық орталық стадионда дене шынықтыру және спорт саласының кәсіби мерекесі «Спорт күні» аталып өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов және ардагерлер, спортшылар мен сала қызметкерлері қатысты.
Аудан басшысы салтанатты іс-шарада барша жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, бүгінгі күні толағай табыстарға қол жеткізіп, тек ауданның ғана емес, тұтас еліміздің абыройын асқақтатып жүрген қармақшылық спортшылардың жетістіктерін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, биылғы жылы спорт саласында жеткен жетістіктерімізді зор мақтанышпен жеткізді. Айта кетсек, 2022 жылы республикалық чемпионаттарда аудан спортшылары 15 алтын, 6 күміс, 15 қола медаль және Әлем біріншілігінен 3 алтын, Азия біріншілігінен 3 қола медаль жеңіп алған.
Одан бөлек, аудан әкімі ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінде топ жарған Ерасыл Аянұлының және «Қазақстан барысы – 2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабыловтың жеңістерін айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға да тоқталды. Атап айтқанда, бүгінгі күні Жосалы кенті мен Ақай ауылдық округінде заман талабына сай спорт кешендерінің және Жосалы кентіндегі Тәуелсіздік ықшам ауданындағы балалар спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, биылғы «Балалар жылына» орай аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес демеушілер есебінен аудан қарасты көптеген елді мекендерде балалар спорт алаңдарын салу жұмыстары бастау алды. Осы мақсатта Дауылкөл ауылдық округінде спорт алаңы салынып, балалар игілігі үшін пайдалануға берілген.
Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бапкерлер мен спорт саңлақтарын марапаттап, үздік спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» куәліктерін табыстады. Сондай-ақ, «Алтын күз - 2022» аудандық спартакиадасының қорытындылары бойынша жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді.
Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
20 тамыз 2022 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10316)

29 маусым 2024 ж.

№50 (10315)

25 маусым 2024 ж.

№49 (10314)

22 маусым 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Талпыныс
24 маусым 2024 ж. 1 319
Ұрының арты – қуыс

Ұрының арты – қуыс

08 қаңтар 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 3 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031