» » Саңлақ спортшылар марапатталды

Саңлақ спортшылар марапатталды

«Спорт күні» кәсіби мерекесі аясында ауданымыздың дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген саңлақтар марапатталды.
Кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы ауданымыз «Жүз жыраудың елі» болып танылғанымен қатар, дене шынықтыру және спорт саласында да зор жетістіктерге жетіп жүргеніне тоқталып өтті.

Атап айтар болсақ 2019 жылдың осы кезеңінде аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 19 – алтын, 17 – күміс, 19 – қола медальды иеленді. Әлем Кубогында 1-қола және Әлем чемпионатынан 1-күміс медальды жеңіп алған.

Салтанатты шара барысында Еркебұлан Қайырбекұлы саладағы үздіктер қатарынан көрінген азаматтарға облыстық дене шықтыру және спорт басқарамасы басшысының, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Марапат иелерінің ішінде жақында ғана Өзбекстандағы Ташкент қаласында өткен таеквандодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері жерлесіміз Әділбекқызы Айша да марапат төрінен көрінді.

Сонымен бірге шарада ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2019» аудандық спартакиадасының қорытындылары бойынша жүлдегерлер марапатталды.

Атап айтқанда 1-орынды Жаңажол ауылдық округінің командасы, 2-орынды Қармақшы ауылдық округінің командасы, 3-орынды Ақтөбе ауылдық округінің командасы иеленген болатын. Кездесуде жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен кубоктар табысталды.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы үстіміздегі жылыда аудан спортшылары үшін атқарылуы тиіс шаралармен қатар межеленген жоспарларды орындау басты назарда екенін жеткізді.

Ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2019» облыстық спартакиадасы кезектілігіне сәйкес ауданымызда ұйымдастырылуы жоспарланды.

Спартакиада спорттың 16 түрінен 1000-нан аса спортшыны қамтитын болады.
17 тамыз 2019 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031