» » Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар

Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар


Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов жасөспірімдер арасында Әлем және Азия чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрініп, байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған ауданымыздың жас спортшыларымен кездесті.
Аудан басшысының кездесуінде Бразилия мемлекеті Кашиас ду Сул қаласында жазғы 24-ші сурдлимпиада ойындарында жерлесіміз Кульдеев Нұрсұлтан он сайыстан өткен жарыста 4 орын, найза лақтырудан 6 орын және диск лақтырудан 7 орынға ие болса, Ливан мемлекетінің Джуния қаласында жасөспірімдер арасында самбодан өткен Азия чемпионатында Рүстемова Әсемай 2 орын иеленді.
Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы, Самарқант қаласында жасөспірімдер арасында қол күрестен Азия біріншілігінде Төленді Нұрасыл жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Биыл аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 11- алтын, 5-күміс, 14 – қола медальды жеңіп алса, Әлем біріншілігінен 2 қола, Азия біріншілігінде 3- қола, Азия Кубогында 3- қола және Әлемдік Гран-при турнирінде 3- алтын, 3- қола медальды жеңіп алды.
Жас спортшылармен кездесуде
Әділбек Бөрібайұлы – «Әлем және Азия чемпионаттарында намысты қолдан бермей, аудан мерейін үстем етіп жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне бересіздер деген сенімдемін. Жеңістеріңіз құтты болсын. Еліміздің көк Туы қашанда биіктей берсін», – деп жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар, спортшыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіп, сый-құрмет көрсетілді.

08 маусым 2022 ж. 1 007 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930