» » Әлем чемпионатының жүлдегерлері

Әлем чемпионатының жүлдегерлері

Спорт қай кезде де елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын саланың бірі. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Оның ішінде киелі Қармақшы өңірі де өзіндік үлесін қосуда. Спорт саласында талай қыранды түлетіп, елдің байрағын желбірететін ерлерді шығаруда. Жақында ел перзенттері тағы да жүлделі оралды.
5-8 қыркүйек күндері Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында белбеу күресінен 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Осы додада бақ сынаған жерлестеріміз Әсемай Рүстемова мен Ұлтай Сейілова қола жүлдені қанжығасына байлады.
– Спорт мектебінің шәкірттері жыл сайын жеңіс төрінен көрініп, мерейімізді асыруда. Олар өздерінің тынымсыз дайындықтарының арқасында осындай белестерді бағындыруда. Әсемай 2014 жылдан бері осы салада. Ол сәуір айында Қызылорда қаласында өткен Самбо күресінен ҚР қола жүлдегері, шілде айында ҚР жасөспірімдер чемпионатында чемпион атанды. Ал Ұлтай маусым айында Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдені иеленді. Екеуінің де бұл уақытқа дейінгі жетістігі мол. Облыстық, республикалық турнирлердің жеңімпаздары, әрі спорт шеберлігіне үміткер деген атақтары бар. Әсемайдың спорттық дайындығына мен жауапты болсам, белбеу күресіне Қуаныш Тәттімбетов баулыды Ұлтай Гүлайлым Нұрмаханованың шәкірті. Бұл олардың кезекті жеңісі деп білемін. Алдағы уақытта мұнан да жоғары биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтатарына сеніміміз мол, – дейді №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің самбо бөлімшесінің жаттықтырушысы Бақберген Тәттімбетов.
Осы ретте, аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы чемпионат жүлдегерлерін қабылдады. Елдің туын биікке көтеріп, жеңіс туын желбіретіп, әлемдік ареналарда Әнұранымызды ойнатып жүрген жігерлі, жалынды спортшыларға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кету керек, 2021 жылы аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 12 алтын, 11 күміс, 10 қола медальді жеңіп алса, Әлем біріншілігінен 2 қола, Азия біріншілігінде 3 қола, Азия Кубогында 3 қола, Әлемдік Гран-при турнирінде 3 алтын, 3 қола медальді иеленген. Бұл жетістіктерге аудандағы спорт мектебіндегі әрбір бапкердің өзіндік үлесі, спорт саласындағы әрбір шәкірттің жеңіске деген ұмтылысы мен елге деген құрметі бар.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
11 қыркүйек 2021 ж. 1 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930