» » Спортшылар жеңісі – бұл саланың жемісі

Спортшылар жеңісі – бұл саланың жемісі

Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын сонымен қатар көңілін өсіріп, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті болады. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі Спортшылар мерекесін атап өту игі дәстүрге айналған. Аудандағы дене шынықтыру және спорт бөлімі аталмыш саланың дамуына септігін тигізіп, халықты саламатты өмір салтын ұстануға үгіттеп келеді.
Киелі Сыр өңірі спорт саласында талай қыранды түлетіп, елдің байрағын желбірететін спорт саңлақтарын шығаруда. «Жүз шайырдың отаны» атанып келген Қармақшы топырағын барша қазақстандықтар «балуандар мектебі» деп те атайды. Оған себеп, еліміз тәуелсіздік алғалы бері бұл өңірде Жарболсын Құндақбаев, Сұлтанбек Омаров, Қуаныш Қаражанов, Шәріпбек Асанов, Сағат Бұқпанов, Әлжан Төремаханов, Еркін Атабаев, Найза Сағымбаев, Әділбек Серікбаев және басқа да талантты спорт майталмандары баптаған спортшылар өздерінің жеңістерімен ел байрағын әлем көгінде аспандатып, әнұранымызды шыр­қатып келеді. Аудан спортшылары өздерінің кәсіби деңгейі мен шеберлігін арттыру мақсатында республикалық, облыстық біріншіліктерде жоғары нәтижелер көр­сетуде. Дзюдо және қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирінің жүлдегері Мақсат Исағабылов, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Қуаңбаев, Қазақ күресінен және самбо күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері әлем чемпионы Ғалымжан Әбдірахманов, таэквондодан әлем чем­пионатының күміс жүлдегері Айша Әділбекқызы сынды мақтаныштарымызды атап өтпеске болмас. Осындай ел намысын қорғайтын саңлақтардың шығуына аудандағы дене шынықтыру және спорт бөлімінің үлесі де зор. Бүгінде аталмыш салаға Нұрбол Мырзабаев басшылық етеді.
– Аудан бойынша 16245 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданып, тұрғындардың 30,2 процентін құрап отыр. Яғни 11 олимпиадалық спорттың түрінен соның ішінде ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, жеңіл атлетика, дзюдо, каратэ-до, қол добы, таэквандо, үстел теннисі, футболға қатысса, 4 ұлттық спорт түрлері бойынша арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ және 7 олимпиадалық емес белбеу күресі, гір спорты, дойбы, кикбоксинг, қол күресі, самбо күресі, шахмат секілді спорт түрлерімен шұғылданады. Биыл аудан бойынша 27 штат бірлігі бөлініп спорт нұсқаушылары жұмыс жасауда. Олар қазір өз аймақтары бойынша жұмыстарын жүргізіп, шұғылданушылардың санын 4860-қа жеткізді, – дейді бөлім басшысы.
Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Кубогында 10 алтын, 11 күміс, 10 қола медальды жеңіп алған. Ал Азия чемпионатында 1 қола, Азия кубогінде 3 қола, Әлемдік Гран-при турнирінде 2 алтын, 2 қоланы қанжығаға салған. Атап айтар болсақ, Жеңіл атлетикадан Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Данияр Әбілахатов 1 алтын және 1 күміс жеңіп алса, Қызылорда қаласындағы самбо күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Әділет Жүніс пен Дінмұммед Алтай алтын иеленсе, Рахатали Сартай мен Ұлтай Сейілова күміс жүлдені жеңіп алған. Ал Әсем Рүстемова қола жүлдені місе тұтқан. Самбо күресінен Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 88 келі салмақта Ғалымжан Абдрахманов қола жүлдені иеленген. Алматы облысы Талғар қаласында қол күресі спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 50 келі салмақта Нұрасыл Төленді мен 65 келі салмақта Аслан Әділбеков ІІІ орындарды жеңіп, Грузия елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алған. Алматы қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасында +80 келі салмақ дәрежесінде Гүлсезім Сыздықова қола медальды жеңіп алса, Ақтау қаласындағы дзюдо күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Айбек Серікбаев 100 келі салмақта ІІ орынды жеңіп, қыздар арасында 52 келі салмақ бойынша Салтанат Сұлтанбекова ІІІ орынды иеленген. Ақтау қаласында дзюдо күресінен өткен Азия кубогінде 100 келі салмақ дәрежесінде Айбек Серікбаев пен Бауыржан Жауынтаев 60 келі салмақта қола жүлдеге ие болса, қыздар арасында 52 келі салмақта Салтанат Сұлтанбекова қола медальды қанжығалаған.

Паражеңіл атлетикадан Дубай қала­сында (БАӘ) FAZZA-2021 әлемдік Гран-при сериясы бойынша Мейржан Мақшат 400 метр қашықтықта жүгіріп, қола медальға қол жеткізген. Ал Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен гір спортынан Азия чемпионатында +73 келі салмақ дәрежесінде Тлеумбет Айтбаев чемпион атанған.
Биыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жылдық жоспарға сәйкес 127 спорттық іс-шара өткізген. Алайда карантин талаптарына орай кей шаралар онлайн өтті дейді.
– Бөлімнің әлеуметтік желідегі facebook парақшасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және басқа да атаулы күндерге байланысты челлендждер, спорт мектептерінде шұғыл­данатын спортшылардың қатысуымен таңғы жаттығу эстафеталық челлендждер, оқу жаттығу жиыны және жерлестердің түрлі жарыстардағы жетістіктерін шығарып отырдық. Осыған дейін спортшылар күнінде түрлі жарыстар ұйымдастырылатын. Былтырдан бері карантиндік шектеуге байланысты көптеген іс-шаралар тоқтатылып отыр. Алдағы уақытта бұл індеттен аман-есен өтіп жатсақ жоспарымыздағы іс-шараларды өткізетін боламыз, – дейді Н.Мырзабаев.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
17 тамыз 2021 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031