» » Алар асу әлі көп

Алар асу әлі көп

Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтеді.
Қазақстанда спорт саласына барынша қолдау көрсетіліп келеді. Тәуелсіздік алған жылдан бері бұл сала ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетті. Әсіресе өңір-өңірде спорттық кешен саны артып, оған келушілердің қатары еселеніп жатыр. Иә, спорт саласында айтарлықтай даму бар. Спортшылар халықаралық жарыста, Олимпиада ойынында үздіктер қатарынан көрініп жүр. Бүгінде байрақты бәсекеде топ жарған қазақстандық спортшылар тұтас елдің мақтанышына айналды деуге болады.
Бүгінде ауданда спорт саласы бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жұмыс істейді. Мекемеге Нұрбол Мырзабаев басшылық етеді. Онда аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар спорттың 22 түрімен 15 201 адам тұрақты айналысуда. Бұл статистикалық мәліметке сүйенсек, аудан халқының 28,1 процентін құрайды. Мұнда келушілер ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, жеңіл атлетика, дзюдо, каратэ-до, қол добы, таэквандо, үстел теннисі, футбол секілді олимпиадалық, арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлері мен белбеу күресі, гір спорты, дойбы, кикбоксинг, қол күресі, самбо күресі, шахмат сияқты олимпиадалық емес спорт түрімен шұғылдануда.
Ағымдағы жылы аудан көлемінде 97 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 11 780 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ, аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай мектеп оқушыларының спартакиадасы өтті. Бокстан жасөспірімдер арасында, волейболдан спорт мектебінің оқушылары арасында, қол күрестен жас­тар мен жасөспірімдер және мүгедек спортшылар арасында, қазақ күресінен және самбо күресінен спорт мектебінің облыстық біріншілігі, қол добынан қыздар арасындағы облыс біріншілігі ұйымдастырылса, сәуір айында Төретам кентінде ерлер мен әйелдер арасындағы волейболдан облыс біріншілігі өтті. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе Мемлекеттік Рәміздер күніне орай авто және велошеру өтті.
Мұнан өзге биыл аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 19 алтын, 17 күміс, 19 қола медальды жеңіп алса, Әлем Кубогында 1 қола медальды қанжығасына байлады.
– Елбасымыз Н.Назарбаевтың өткен жыл­ғы Жолдауында осы жылды – «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай бөлім тарапынан ұйымдастырылатын шараларды арттыру басты назарымызда. Бұл мақсатта аудан көлемінде шағын футболдан І чемпионат ұйымдастырдық. Басты мақсат – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спортпен шұғылдануға бейімдеп, спортшылардың шеберлігін шыңдау. Сонымен қатар ауданда «Қармақшы аудандық футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі құрылып, осы спорт түрінің аудан көлемінде дамуына бірлесе ат салысып келеді, – дейді бөлім басшысы.
Спортпен шұғылданудың адамға ләз­зат беріп қана қоймай, ауру-сырқаудан алшақ жүруге, саламатты өмір сүру салтын қалыптастыруға, дене бітімін қалыпты ұстауға көмегі көп. Соған сәйкес жастардың спортқа деген құштарлығы жыл сайын артып, жарыста көшбасшылар төбе көрсетіп жүр. Спортшылардың саны артқан сайын сапа жағдайы жоғарылай түсетіні анық. Сондықтан спортшыларға тек қана толағай табыс тілейміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ

19 тамыз 2019 ж. 1 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 554

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031