» » БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ БАЙЫБЫ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ БАЙЫБЫ

Спорт – дене қозғалысы ғана емес, сондай-ақ ол ел мен елді жақын ететін, саламатты өмір салтын насихаттайтын адам өміріне қажетті құрал. Спортпен айналысқанның денесі сымдай тартылып, ұзақ ғұмыр кешері сөзсіз. Тек бұл ғана емес, мұнымен қоса, спортты жанына серік жеткен адам елдің мерейін асырып, өзі де діттеген мақсатына жетеді. 
Жыл басталғалы бері бес ай. Осы уақыт аралығында аудан спортшылары бірқатар жетістікке қол жеткізді. Өңірдегі спорт бұқаралығы да біршама алға жылжыған. Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда спортпен тұрақты шұғылданушы саны 620 адамға артқан. Бүгінде 142 нысанда  спорттың 22 түрі бойынша 15201 адам қамтылуда.
Жалпы алғанда, қармақшылықтар ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, жеңіл атлетика, дзюдо, каратэ-до, қол добы, таэквандо, үстел теннисі, футбол секілді 11 олимпиадалық және арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорттың 4 түрімен айналысады. Белбеу күресі, гір спорты, дойбы, кикбоксинг, қол күресі, самбо, шахмат сынды олимпиадалық емес ойын түрлеріне де кент, ауыл тұрғындарының қызығушылығы жаман емес. 
Осы ретте өткен жылы бөлім тарапынан көптеген шара атқарылған. Спортшыларымыз ҚР біріншілігі мен чемпионатында 1 алтын, 4 күміс, 2 қоланы қанжығасына байласа, Әлем кубогында 1 қола қолайымызға келген. Алтынға бергісіз қола медальді талай спорттық бәсекеде еліміздің намысын жыртып жүрген Ғалымжан Әбдірахманов Минск қаласында өткен самбо күресінде олжалаған. Сонымен қатар, Бағдат Елібаев жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Шарж бен Дубай қалаларында өткен халықаралық гран-при турнирінде Қазақстанның атын әлемге танытып, жүлдегер атанды. Ауданның 28 спортшысы ҚР құрама командасының қатарына қосылса, спорт шеберлігіне үміткер 8 спортшы норматив қорғаған.
Үстіміздегі жылдың төрт айында ауданда 64 спорттық іс-шара өтіп, оған барлығы 6449 спортшы атсалысқан. Оған мектеп оқушыларының «Көңілді старт» жарысы, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мектеп оқушыларының спартакиадасын атауға болады. Бокстан жасөспірімдер, волейболдан спорт мектебі оқушылары, қол күресінен жастар мен жасөспірімдер және мүмкіндігі шектеулілер арасында қазақ күресі мен самбодан облыстық біріншілік ұйымдастырылған. Елбасы бұл жылды – «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі спорт бұқаралығында жастардың белсенділігін арттыруды көздеуде. Бұл мақсатта жастар арасында ауданның шағын футболдан І чемпионаты өтіп, өз мәресіне жетті. Оған 8 команда қатысты. Қайсыбір топ та жақсы ойын үлгісін көрсетіп, өздерінің дайындығын спортсүйер қауымға паш ете білді. Олардың қатарында «Аудан әкімі аппараты», «Жаңа халық банк», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», «№16 БЖСМ», «№15 ОМБЖОРМ», «Денсаулық сақтау саласы», «Жастар», «№250 мектеп-лицей» командасы бар. Фу­тбол біріншілігі 17 ақпанда басталып, мамыр айының аяғына таман қорытындыланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дип­лом, қаржылай сыйақы табысталды. Сол секілді айта кетерлік жайт, өңірде футбол спортының белсенділігін арттырып, әлеуетін жетілдіруде «Қармақшы аудандық Футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Айтулы бірлестіктің келешек аталған спорт түрін нығайтуға септігі мол болмақ. Дәл осы форматта «Жас­тар жылы» аясында қол добынан қыздар арасында да бірнеше турдан тұратын мектеп оқушыларының лигасы басталды. Лига жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қазан айына жоспарланып отыр.
– Осы жылға «Орда» әскери-патриоттық спорт клубымен» сатып алу туралы шарт жасалып, 27 спорт-нұсқаушыға штат бірлігі бөлінді. Олар өз аймағы бойынша жұмыс істеуде. Жылдың басында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, ауданымызда бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 29 процентке жеткізу, – дейді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев.
Бөлім басшысының айтуынша, меморандум төңірегінде арнайы шыққан жұмысшы топ аудан орталығы, сондай-ақ барлық елді мекенді аралаған. Мектеп басшыларына түсіндіру жұмысы жүргізіліп, келісімі алынса, аудандық білім бөлімі, аудандық Жастар ресурстық орталығымен келісе отырып кесте бекітілген.
Қазір аудан көлемінде спорт мектептеріне 2138 жастар мен жасөспірім қамтылуда. Бұл жасөспірімдердің 16 пайызын құрайды. №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде 1102 оқушы спорттың 15 түрімен шұғылданады. Оларды 32 жаттықтырушы спорттың қыры мен сырына баулыса, №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 758 оқу­шы спорттың 8 түрімен жаттығады. Спорт мектебінің бөлімшесі Жосалы, Төретам кенті, сонымен қоса Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Қуаңдария, Т.Көмекбаев ауылдық округінде жұмыс істейді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Спорт клубында» 278 жасөспірім спорттың 5 түрімен айналысып, түрлі деңгейдегі жарыста жоғары нәтиже көрсетуде.
Қармақшы – ақын-жырау мекені болумен қатар, еліміз бойынша спорттан да жоғары жетістікке жетіп жүрген өңір. «Байрақты бәсекеде бағындырғанымыздан әлі де бағындырарымыз көп» дейді жеңісті күндердің жалауын желбіретіп жүрген  спорт саңлақтары.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
29 мамыр 2019 ж. 1 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031