» » Қармақшыда «Алтын күз – 2023» аудандық спартакиадасы басталды

Қармақшыда «Алтын күз – 2023» аудандық спартакиадасы басталды

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының 95 жылдығына және спорт күніне орай ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2023» аудандық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы алғы сөз сөйлеп, ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде, Жосалы кентінде «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің» құрылысы пайдалануға берілгенін және қазіргі таңда Ақай, Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдарында Спорт кешендерінің құрылысы жүріп жатқандығын баса айтты.

Спортты жанына серік етіп, талай биік шыңдарды бағындырып, аудан мәртебесін асқақтатып жүрген қармақшылық спортшылардың жетістіктерін тілге тиек етіп, биылғы жылы спорт саласында жеткен жетістіктерімізді зор мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, спартакияданы ашық деп жариялады.

Айта кетейік, спорттың алты түрінен ұйымдастырылған дәстүрлі спорт додасына ауданға қарасты кент және ауылдардан 10 команда, 160-тан астам спортшы бақ сынауда. Жарыс нәтижесімен облыстық ауыл спортшыларының спартакиадасына аудан құрамасы жасақталатын болады.

13 тамыз 2023 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 530

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930