» » Қармақшыда бокстан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Қармақшыда бокстан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудандық дене шынықтыру және спорт кешенінде «Қазақстан Республикасының спорт саласына еңбек сіңірген» Құрмет белгісінің иегері Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.

Жас боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі турнир биыл ХІІ мәрте ұйымдастырылып отыр.
Спорт додасының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы құттықтау сөз сөйлеп, барлық спортшыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, айтулы іс-шарада «Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, спорт ардагері Қуаныш Қаражанұлы мен Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері», Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, ардагер ұстаз Атабаев Еркін Оразбекұлы сөз алып жарысқа қатысушыларға ізгі лебіздерін жеткізді.
Жасөспірімдердің бокс турниріне Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласынан 10 команда 250-ге жуық спортшылар қатысуда.

13 мамыр 2023 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930