» » Қармақшыда ауыр атлетикадан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Қармақшыда ауыр атлетикадан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ауданда спорт жанашыры Тілеуберген Айтжановты еске алуға арналған ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Спорт сайысының ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, Ел біріншіліктері мен халықаралық додаларда топ жарып жүрген зіл теміршілер мен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған, ауданымыздың мақтанышы Ерасыл Сәулебеков туралы сөз қозғап, турнирге қатысушы спорт саңлақтарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Пак Велори Викторович және Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Салықов Нұртілеу құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін жеткізді.
Турнирде Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан барлығы 100-ден астам ауыратлетшілер бақ сынауда.

24 мамыр 2023 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031