» » Қармақшыда дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир басталды

Қармақшыда дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир басталды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ауданда дзюдодан жасөспірімдер арасында Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған облыстық ашық турнир басталды.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, ауданда спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында салынып жатқан спорт кешендерінің жуырда пайдалануға берілетіндігін айта келе, турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Сүлейменов Әсет Жәнібекұлы 1969 жылы дүниеге келген.

Әсет өзінің қайтпас қайсарлығымен және де дарындылығы арқасында көптеген республикалық бәсекелерде жүлделі орындарын жеңіп алып, 1986 жылы КСРО спорт шеберіне үміткер атанған.

Еңбек жолын 1986 жылы спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастап, ішкі істер органдарында қызмет еткен.
5-6 мамыр аралығында өтетін ашық турнирге Оңтүстік Қазақстан облысынан, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 200-ден аса жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасуда.

Жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан облыстық турнирге Әсет Сүлейменовтің анасы Рыскүл Нұрғалиева мен халықаралық дәрежедегі төреші, турнирдің бас төрешісі Қайрат Төленовтер қатысуда.
05 мамыр 2023 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031