» » Сыр елінде Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир басталды

Сыр елінде Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир басталды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін «Евразия» спорт кешенінде Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан 2003-2005 ж.т жастар арасындағы XXI халықаралық турнирдің ашылу салтанаты болып өтті.
Шараны облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы ашып, облыста дзюдо спортының дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға және жарысқа демеушілік еткен Б.Сүлейменовтың ұрпақтарына алғысын білдірді.
Дзюдодан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Қонысбаев Жандос Абумуталифұлы құттықтау сөзі барысында Б.Сүлейменовтың ұлы, турнирдың бас ұйымдастырушысы Сүлейменов Сағатбекке шапан жауып, оған және облыстағы дзюдо спортының дамына атсалысқан бірқатар жаттықтырушылар мен қызметкерлерге алғыс хат табыстады.
Болатбек Сүлейменовтің қарындасы, медицина саласының ардагері Әсия Сүлейменова өз кезегінде, дәстүрлі түрде өткізіліп келетін турнирдің өскелең ұрпақ үшін берері мол екендігін және осы турнирден түлеп ұшып, бүгінгі таңда Әлем, Азия шыңдарын бағындырған чемпиондар қатары жылдан-жылға артып келетінін атап өтті.
Жалпы турнирге еліміздің 17 облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 400-ден аса жас палуан қатысуда. Жарыс екі күн қатарынан өтіп, ертең кешке қорытындыланбақ.
17 қазан 2022 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930