» » » Дзюдодан халықаралық турнир өтеді

Дзюдодан халықаралық турнир өтеді


"Қызылордада Болатбек Сүлейменов атындағы халықаралық турнир өтеді" деп хабарлайды kyzylorda-news.kz

5-6 қазан күндері "Евразия" СК-де Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменов атындағы дзюдодан 2000-2001 жылдары туылған жастар арасында халықаралық турнир өтеді.
Биыл он тоғызыншы мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен жəне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 10 облысынан 200-ден аса татами шеберлері 14 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасады.
Жарыс ұлдар арасында 7 салмақта: 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі, қыздар арасында 7 салмақта: 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келіде өтеді.
Мақсаты - Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алу, саламатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау.

5 қазан сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде жарыс басталса, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
Жарыстың бас төрешісі: Ришат Бурлов (Қызылорда).

Біздің Фейсбуктегі парақшамызға тіркеліңіз  blush
04 қазан 2019 ж. 1 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031