» » ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖАРЫС

ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖАРЫС

Жақында Қызылорда қаласында жастар арасында дзюдодан Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендері мен бір­неше мемлекеттік медальдардың иегері, спорт жанашыры Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық жарыс өтті.
ХVІІІ рет жалауын көтерген айтулы жарысқа Өзбекстан, Қыр­­ғызстан мемлекеттері мен еліміздің әр аймағынан өз салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған 200-ден астам жас татами шебері қатысты.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатында облыстық мәс­лихат хатшысы Наурызбай Бай­­қадамов, Қазақстан дзюдо фе­де­рациясының вице-прези­денті Асхат Шахаров, об­лыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов және ҚР Жоғарғы соты төрағасының өкілі, «Тіл» журналының бас редакторы Нұр­гүл Қарағойшиналар құт­тықтау сөз сөйлеп, жас татами шеберлеріне ыстық ықыласын білдірді.
Екі күнге созылған дүбірлі жарыста жас балуандар әр салмақ бойынша жарыс жүлдесін сарапқа салып, оның қорытындысымен анықталған жеңімпаздар мен жүл­дегерлер жарысты ұйым­дастырушылардың сый-құр­ме­ті­не ие болды.
Нақтырақ айтқанда, қыздар арасында өткен бәсекеде 44 және 48 келі салмақтарда қы­зылордалық Нұрай Әбубәкір мен Мәлика Алпысбай, 52 келіде алматылық Балнұр Қойбағар және 57 келіде Ақжол Қайыпхан жеңімпаз атанса, ерлер арасында өткен тартысты белдесулерде 73 және 90 келі салмақтарда алматылық Дархан Қойбағар мен Бексұлтан Әнуарұлы, сондай-ақ 81 келіде тараздық Нұрбек Ортай, 100 және одан жоғары салмақтарда өзбекстандық татами шеберлері Жамшид Бахтияров пен Шохурххан Бақтияровтар І орынды жеңіп алды.
Жарыс барысында Зарина Серікқали, Мунира Рақымжанова, Аружан Темірғали, Аяна Болатбек, Перизат Әлібек, Наргиз Вой­сова, Гүлзат Ұрынбаева және Шархан Нұрлыхан сынды Сыр бойы құрама командасының татами шеберлері жүлдегерлер қа­тарынан көрініп, аймақ мерейін тасытты.
Нұрбай ӘБІЛДАХАТҰЛЫ,
"Қармақшы таңы".
23 қазан 2018 ж. 1 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930