» » КСРО БАТЫРЫ Т.КӨМЕКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРИАЛ

КСРО БАТЫРЫ Т.КӨМЕКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРИАЛ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 73 толуына байланысты 5-6 мамыр аралығында аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде жылдағы дәстүрмен самбодан Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған ХХIV Халықаралық мемориал өтеді.
Биылғы жарыс өткен жылдардағыдан да тартысты және қызықты өтеді деп күтілуде.
Өйткені, бұл дүбірлі додаға Моңғолия, Әзірбайжан, Беларусь, Украйна, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен еліміздің барлық аймағынан самбо күресінен өз салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған 200-ге жуық боз кілем шеберлері 9 салмақ дәрежесі бойынша жарыс жүлдесін сарапқа салады.
Олардың қатарында «Қазақстан барысы» және әлемдік, азиялық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазақстандық Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов, Нұрым Сәлімгереев, Мақсат Исақабыловтармен бірге, жеңіл салмақта топ жарып жүрген жерлесіміз Бауыржан Райсов, сонымен бірге басқа «Сен тұр, мен атайын» деген боз кілем шеберлері өзара күш сынасады деп күтілуде.
Биылғы жарыс жылдың үздік спорт мерекесі атанатынына кәміл сенеміз.
Жарыс аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде 5 мамырда сағат 9.00- де басталады. Ал, жарыстың ашылу салтанаты сағат 15.00-де.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
29 сәуір 2018 ж. 1 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930