Бокстан республикалық турнир басталды
qarmaqshy-tany.kz Кеше аудан орталығындағы спорттық сауықтыру кешенінде халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, талантты боксшы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туылған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов алғы сөз алып, аудан спортшыларының жеткен жетістіктерімен қатар бүгінгі ұйымдастырылып отырған спорттық шара туралы пікірін білдірді.
- Бүгінгі Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир биылғы жылы 8-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Бір қуантарлығы спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елінен командалар қатысып, өз кезегінде жарыстың ауқымының кеңейіп келе жатқандығын көрсетті.
Толағай ұлдар туатын топырағы құтты мекенге Сіздердің құрмет тұтып келулеріңізді – елге құрмет деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі байрақты бәсекеде шашасына шаң жұқтырмай озып шыққан өрендеріміз ертеңгі күні елдің абыройын қорғап, көк туымызды әлем алдында асқақтата желбіретеді деген сенімдеміз-деп, жарысқа қатысушы барша спортшыларға сәттілік тілеп,ізгі ниетін жеткізді.
Сонымен қатар ұйымдастырылған спорттық шараға аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы және бірқатар құрметті қонақтар мен ардагерлер шақырылды.
Жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирге 100-ден аса былғары қолғап шеберлері қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.
Турнир бойынша ақтық ойындар 11-12 қараша күндеріне жоспарланып отыр.