» » Спорт саңлағын еске алды

Спорт саңлағын еске алды

Жақында ауданда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Серікбаевты еске алуға арналған 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында самбодан облыстық ашық турнир өткізілді.
Турнирдің негізгі мақсаты – облыс көлемінде самбо күресін дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау, спортшыларды достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Қайрат Нұртай Әділбек Үргенішбайұлының ауданның спорт саласының дамуына сіңірген елеулі еңбегін атап өтіп, турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Биыл алғаш рет өткізіліп жатқан турнирге облыстық болғанына қарамастан, өзіміздің өңірден бөлек Жамбыл, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарынан 13 команда, 160 спортшы қатысты.
Әділбек Үргенішбайұлы еңбек жолын 1986 жылы аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде самбо күресінің жаттықтырушысы болып бас­тап, әрі қарайғы саналы ғұмырын жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға және ұрпақ тәрбиесіне арнаған.
Шәкірттері халықаралық, республи­калық сайыстарда жүлде алып, жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтқанда, самбо және қазақ күресінен 5 шәкірті – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері болса, 32 шәкірті – Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған. Спорттағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен және «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен мара­патталған.
Ауданда өткізілген облыстық ашық турнирге жерлестеріміз де қатысып, марапат төрінен көрінді. Атап айтар болсақ, 42 келі салмақ дәрежесінде А.Әлменбет I орын, Қ.Темірбекұлы II орын, 46 келі салмақ дәрежесінде Д.Ермаханов I орын, 49 келі салмақ дәрежесінде Д.Хамитов II орын, 53 келі салмақ дәрежесінде Ж.Әділет I орын, Д.Сәбит III орын, 58 келі салмақ дәрежесінде Н.Әбдіхамитов III орын, 64 келі салмақ дәрежесінде Н.Болатханұлы II орын, 71 келі салмақ дәрежесінде С.Төлес III орын, +88 келі салмақ дәрежесінде Ә.Убайдулла III орын иеленіп, аудан мерейін асқақтатты.
– Бұл доданы әкемнің шәкірттері ұйымдастырды. Дзюдо күресінен Қазақстан біріншілігінде топ жарып, жүлделі орын алып жүрген спортшылар қатысты. Турнир жоғары дәрежеде өтті. Әкемнің ауданға сіңірген еңбегін бағалап, оның атына арнайы турнир өткізіп жатқанына отбасымыздың атынан алғымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да, бұл жарыс жалғасын табады деген ойдамыз, – дейді республикаға танымал жаттықтырушының ұлы Айбек Әділбекұлы.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА,
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)
09 қазан 2021 ж. 1 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031