» » САМБО: МӘСКЕУДЕГІ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 8 ЖҮЛДЕ АЛДЫ

САМБО: МӘСКЕУДЕГІ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 8 ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Мәскеу қаласында самбодан мәреге жеткен «Харлампиев мемориалы» әлем кубогы жарысында қазақстандық балуандар сегіз жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, осы күрес түрінің негізін қалаушылардың бірі Анатолий Харлампиевті еске алуға арналған турнир биыл 35-інші рет ұйымдастырылды.
Самбо күресінің 80 жылдығы аясында өткен айтулы додаға әлемнің 28 елінен 300-ден астам балуан қатысып, бақ сынады.
Қазақстан құрамасынан әйелдер арасында Аққал Өтебек 60 кг, Айжан Жылқыбаева 48 кг, сондай-ақ спорттық самбодан Бағлан Ибрагим 52 кг, Парасат Жұмабаев 62 кг, Ғалымжан Әбдірахманов 74 кг салмақта күміс жүлдегер атанды. Олардың бәрі де финалдық белдесуде ресейлік спортшыларға есе жіберді. Әскери самбодан Қуаныш Аязбаев 90 кг салмақта үшінші орынға ілікті.
Батыс Қазақстан облысынан барған Бағдат Жарылғасов спорттық самбодан 68 кг салмақта қола жүлдеге ие болды. Оның алғашқы бапкері - марқұм Қазбек Ибрашев. Оған қоса әскери самбодан Қазбек Сұпығалиев соңғы сында ресейлік Сергей Разиннен ұтылып, күміс медальді еншіледі. Оның бірінші жаттықтырушысы - Баймолла Құбашев.
Көптеген додаларда бәйге алып жүрген бұл палуандардың екеуі де қазір Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райбек Меңдіғалиевтің қоластында жаттығады.
25 наурыз 2018 ж. 1 322 1

JeaCold от 5 наурыз 2019 00:42
Low Price Viagra 100mg Priligy Y La Hipertension generic cialis overnight delivery Cheap Drugs Comment To Last Longe

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930