» » Қазақ боксшылары Болгарияда бес жүлде еншіледі

Қазақ боксшылары Болгарияда бес жүлде еншіледі

Қазақ боксшылары Болгарияда бес жүлде еншіледіБокстан Болгария елінің астанасы Софияда «Страндж» халықаралық турнирі аяқталды.

Биыл алпыс тоғызыншы рет ұйымдастырылған жарысқа қазақ боксшылары да қатысты.
Болгарияға Қазақстан құрамасын жаттықтырушы Нұрғали Сафиуллин бастап барды. 10 боксшымыздың бесеуі жүлделі орыннан көрінді.
64 кг дейінгі салмақта Сабыржан Бекбергенов жарыс жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда украин боксшысы Иван Данчаны ұтты. Нұрбол Қалжанов (56 кг), Қанағат Маралов (69 кг), Михаил Коханчик (81 кг) пен Абзал Құттыбеков (91 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте 3 алтын 2 қола медаль еншілеген Болгария құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынға Үндістан құрамасы (2 алтын 1 күміс 1 қола) ие болса, үздік үштікті Украина құрамасының боксшылары (2 алтын 1 күміс) түйіндеді. Қазақстан құрамасы 6-орынға тұрақтады.
Қазақ боксшылары 8-12 наурыз аралығында Финляндиядағы «Gee Bee» халықаралық турниріне қатысады. Ол жарысқа Олжас Байниязов (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг), Бек Нұрмағамбет (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+ 91 кг) барады.

27 ақпан 2018 ж. 1 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 815
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930