» » Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беру бойынша Қазақстан бірінші орында тұр

Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беру бойынша Қазақстан бірінші орында тұр

Ұлыбританияның Consultancy компаниясы қысқы Олимпиада жүлдегерлеріне қай мемлекет қанша көлемде сыйақы беретініне зерттеу жүргізіп, нәтижесін жариялады.

Бұл жерде Қазақстан ең бірінші орынға жайғасқан. Байрақты бәсекеде чемпион атанғандарға Қазақстан 215 мың еуро сыйақы тағайындаса, күміс жүлдегерлерге 125 мың еуро, ал қола жүлдеге 62,5 мың еуро төлейді. Әзірге ел атынан сынға түскен Юлия Галышева ғана қола медаль жеңіп алды. Бұл тізімде екінші орынға Италия тұрақтаған. Итальяндар чемпиондық атақты жеңіп алғандарға 150 мың еуро, екінші орынға 75 мың еуро, ал үздік үштікті түйіндеген спортшыларына 50 мың еуро сыйақы бермек.  Италиядан кейін Латвия, Беларусь, Украина, Чехия, Ресей орналасан. Ал медаль жиынтығы бойынша Норвегиямен бірінші орынға таласып келе жатқан Германия құрамасы тізімде тек 17-орынға орналасқан. Неміс халқы спортшыларына тиісінше 20 мың еуро, 15 мың еуро және 10 мың еуро бермек.
19 ақпан 2018 ж. 1 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 938
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 575

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930