» » Пеңчаң парақтары

Пеңчаң парақтары

Қазақстандық спортшылар үшін Оңтүстік Кореяның Пеңчаңында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының тоғызыншы күні тамамдалды. Юлия Галышеваның медалінен кейін әлі жағымды жаңалық жоқ. Күн сайын спортшыларымыздың сәтсіз жарыстарына куә болып отырмыз. Дәл қазір Қазақстан жалпы медаль саны бойынша 20-орында тұр. Бұл көрсеткіш те күн өткен сайын төменге құлдырап барады. Бізбен бірге осы орынды Испания бөлісті. Үздіктер туралы айта кетсек, Германияда 8 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар. Норвегия құрамасының еншісінде – 6 алтын, 7 күміс және 4 қола. Нидерландыда –12 (5-5-2), АҚШ – 8 (5-1-2) және Канадада – 11 (3-4-4).
Қазақстандық фристайлшылар акробатикадан финалға шыға алмады. 15 ақпан күні өткен алғашқы іріктеудің нәтижесінде ақтық сынға алты спортшы өтті. Бұл дисциплинада еліміздің атынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт және Аяна Жолдас қатысқан еді.
Фристайлшыларымыздың ішінен ең үздік нәтиже көрсеткен – Алдабер­ге­нова (7-орын). Одан кейін Ақжігіт 12, Қалмұрзаева 16 және Жолдас 18-орынды иеленді. Соңғы екі спортшы бағдар­ла­ма­сын орындау бары­сында сүрінді.
Биатлоннан ерлер арасында 20 шақырымға жеке жарыс өтті. Ең жақсы нәтижесі – 61. Бірақ бұл – көңіл көншітерлік жаңалық емес. 
Үздік нәтиже иесі – Максим Браун. Оның ізін жалғай Василий Подкорытов, 72-орында Тимур Хамитгатин, 83-орында Владислав Витенко тұр. Бір айта кетерлігі, Витенко барлық спортшыларды түйіндеп тұр. Өйткені жалпы қатысқандар саны да 83 болатын. Ол 7 рет мүлт кетсе, Браун, Подкорытов және Хамитгатин екі реттен қателесті.
Жоғарыда атап өткен биатлоннан әйелдер құрамасы да 15 шақырымға жеке жарысқа шықты. Бірақ үздік 40 спортшының қатарынан табыла алмады. 
Қазақстанның атынан Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина және Алина Райкова қатысқан еді. Вишневская – 45-орында. Дистанцияда ол үш рет мүлт кетіп, 46 минут 23,4 секундта мәреге жетті. Полторанина болса, 2 рет қателесіп, 46 минут 36,5 секундта аяқтады. Оның нәтижесі – 46. Райкова 46 минут 37,4 секундта мәре сызығын аттап, 47-орынға табан тіреді. Климинаның нәтижесі – 51-орын (46 минут, 44,4 секунд).
Валерий ПОЛЬХОВСКИЙ,
биатлоннан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы:
Атуға келгенде мүлт кеттік
– Қыздардың жолы болмаған тұс – ату. Осы жерде мүлт кете бердік. Негізі, бұдан сапалы болады деп үміттенген едік. Оның маңызы да жоғары. Вишневская туралы айтарлықтай пікір білдіру қиын. Жарыстан кейін қыздарды әлі көрмедім. Бәлкім, толқып кеткен шығар. Соның салдарынан жөнді ата алмаған болар.
Дарья КЛИМИНА,
биатлоншы:
Осы орынға лайық екенмін
– Көрсеткен нәтижеме көңілім толмады. Шаңғы жақсы жүрді, бұдан да жақсырақ шығуға болар еді. Атқаным, оның сапасы да нашар болды. Екі айып ештеңе емес, бірақ соған кеткен есіл уақытты ойласам, көңіл-күйім түседі. Өте өкінішті. Құдай бізге сұрағанымызды емес, лайық болған дүниені ғана береді. Демек, осы орынға лайық болғаным. Алда қай бағытта жұмыс істеп, қай жерге күш салу керегін түсіндім десе болады.
Владимир СМИРНОВ,
Олимпиада чемпионы:
Полторанинге сенім артамыз
– Командамыз жақсы, жарыс жолында өздерін жақсы ұстайды. Сол себепті әлбетте, жоғары нәтиежелерге дәмеліміз. Ең бірінші кезекте, Алексей Полторанинге бәріміз үміт артып отырмыз. Меніңше, классикалық стильде оның мүмкіндігі көп сияқты. Сондықтан барша олимпиадашыларға сәттілік тілеймін.
16 ақпан 2018 ж. 1 191 1

JeaCold от 10 наурыз 2019 04:58
Online Kamagra Jelly Kamagra Online Di Grenoble buy antabuse online discount Overnight Cialis

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031