» » Қармақшыда самбо күресінен Республикалық түрнир өтуде

Қармақшыда самбо күресінен Республикалық түрнир өтуде

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серікбаев Әділбек Үргенішбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында самбодан республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысты.

Аудан басшысы алғы сөзінде Ә.Серікбаевтың өнегелі өмір жолы мен спорт саласының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы сөз қозғап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, спорттық іс-шараның ашылу салтанатына Қызылорда облысы дзюдо федерациясының Президенті, Қазақстанға Еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақстан спорт қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы қатысып, спорт додасының салтанатты ашылуымен құттықтады.

Дүбірлі додаға еліміздің 12 облысынан 160-қа жуық жас палуан қатысуда. Жарыс барысында 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынуда.

Сондай-ақ, турнирге арнайы Халықараллық дәрежедегі төреші, Тәжікстан Республикасы Олимпиада комитетінің мүшесі Абдулла Махмуди және Қазақстанға Еңбегі сінген жаттықтырушылар келіп, төрелік етуде.
20 мамыр 2023 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930