» » Самбодан турнир өтті

Самбодан турнир өтті

СЕНБІДЕ АУДАНДАҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ ӘДІЛБЕК СЕРІКБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН 2005-2006 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА САМБОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ. ЕКІНШІ РЕТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ОТЫРҒАН ЖАРЫСҚА АТЫРАУ, АҚТӨБЕ, ШЫМКЕНТ, ЖАМБЫЛ, ТҮРКІСТАН, ҚАРАҒАНДЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТАРЫ МЕН ҚАЛАЛАРЫНАН ЖӘНЕ АУДАННАН 13 КОМАНДА, 150-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСЫП,БАҚ СЫНАДЫ.
Турнирдің ашылу салтана­ты­на аудан әкімі Әділбек Ерсұл­танов, облыстық дене шынықтыру және спорт бас­қар­масының басшысы Асылжан Жаман­құл, облыстық дзюдо федерация­сының пре­зиденті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұс­тафаев, құрметті қо­нақ болып Сержан­ Намет­ша қатысты. Спорттық ша­ра­ның мақсаты – белгілі жат­тық­ты­рушы Әділбек Үрге­ніш­байұлын еске алуға арналған турнирді облыс көлемінде дамытып, спортшылардың шеберлігін шың­дау.
Салтанатты жиынды аудан басшысы Әділбек Бөрібайұлы ашып, спорт саңлағына айнал­ған жаттықтырушының өмір­дегі жетістіктерін сөз етті.
– Әділбек Серікбаев ағамыз спортта өшпес із қалдыра біл­ген белгілі жаттықтырушы. Оның тынымсыз еңбегінің ар­қасында шәкірттері халық­ара­лық, республикалық сайыс­тарда жүлде алып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ, ол жетекшілік еткен қазақ күресінен облыс құрама командасы бірнеше республикалық спартакиадаларда жеңімпаз атанды. Ол жаттықтырушы маман ретінде ғана емес, ұжым мен спортшылар арасындағы қарым-қа­тынасты қалыптастырудағы шебер ұйымдастырушы да бола білді. Бүгінде артынан ерген шәкірттері әлі де халықаралық, әлемдік деңгейде еліміздің абыройын биіктен көрсетеді деген кәміл сенімдеміз, – деді ол.
Сонымен қатар оның спортта бірге қызмет еткен достары, бауырлары танымал жат­тықтырушының үнемі өзін-өзі жетілдіру жолында ізденіспен еңбек еткенін айтып, еске алды.
Иә, Әділбек Үргенішбайұлы самбо және қазақ күресінен 5 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 32 Қазақстан Республикасының спорт шебе­рін дайындаған. Спорттағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен және «Құрметті спорт қыз­меткері» төсбелгісімен мара­патталған.
Екі күнге созылған турнирде жерлестеріміз жақсы ойын көрсетіп, марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, 42 келі салмақ дәрежесінде Мағжан Ибраш І орын, Бақтияр Құлтаев ІІ орын, 46 келі салмақта Құдайберген Темірбекұлы І орын, Асылжан Әлмембет ІІ орын, 49 келі салмақта Мирас Қанибеков, Айдос Аралбек ІІІ орын, 53 келі салмақта Диас Хамитов І орын, 58 келі салмақта Әділет Жүніс І орын, Диас Сәбит ІІІ орын, 64 келі салмақта Ринат Ақбатыров ІІІ орын, 71 келі салмақта Жанарыс Сағаладин І орын, 79 келі салмақта Саят Төлеш І орын, 88 келі салмақта Асылжан Сейдалыұлы ІІІ орын және +88 келі салмақ дәрежесі бойынша Әділет Убайдулла ІІ орынға қол жеткізіп, биіктен көрінді. Жарыс соңында жеңім­паздар арнайы медальмен марапатталды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 мамыр 2022 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031