» » СПОРТ САҢЛАҚТАРЫНА ҚҰРМЕТ

СПОРТ САҢЛАҚТАРЫНА ҚҰРМЕТ

Тамыздың үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы кәсіби спорт мерекесі күніне байланысты аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов өңір экономикасын нығайтуға сүбелі үлесін қосып, құрметке бөленген бір топ сала ардагерлері мен озаттарын қабылдады.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Әділ Үсенұлы ауданда денешынықтыру және бұқаралық спортты дамыту аясында атқарылып жатқан ілкімді істерді саралап, өңір спортшыларының түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда қол жеткізген жетістіктері жайлы айтты.
Сондай-ақ, ардагерлер арасында гір тасын көтеру спорты бойынша әлем чемпионы Серік Құлмырзаевты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап, бір топ спортшылар мен сала мамандарына аудан әкімінің және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарын табыстады. Сонымен бірге, Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойы мен ҚР кәсіби спорт мерекесіне арналған ауыл спортшыларының аудандық спартакиадасының жүлдегерлері, нақтырақ айтқанда Дүр Оңғар ауылы мен Төретам кенті және Қармақшы ауылы құрамаларына кубок пен арнайы дипломдар тапсырды.
«ҚТ» ақпарат.
22 тамыз 2018 ж. 1 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930