» » Спартакиада мәресіне жетті

Спартакиада мәресіне жетті

qarmaqshy-tany.kz  Ауданда өткен ауыл спортшыларының XXХІІІ «Алтын күз - 2019» облыстық спартакиасы аяқталды, деп хабарлады Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Ауылдық спортшылардың спартакиадасына айдынды Аралдан бастап Қартаудың баурайындағы Жаңақорған ауданына дейінгі ауыл спортшылары қатысты. Спорттың 16 түрінен футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шахмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ өткізілген шараға 1000-нан аса спортшы қатысты.
«Алтын күз - 2019» спартакиадасының жабылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық спорт» бөлімінің басшысы Ғалым Бітімбайұлы жеңімпаздарды құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
Шара соңында Ауыл спортшыларының «Алтын күз» облыстық спартакиадасының ауыспалы туын Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Төлендіұлы Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Толыбай Шалғынбайұлына табыстады.
Спартакиаданың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте үшінші орынды Сырдария ауданы командасы, екінші орынды Шиелі ауданы командасы қанжығасына байласа, Қармақшы ауданының командасы бас жүлдені жеңіп алды.

07 қазан 2019 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728