» » "Алтын күз" спартакиадасы басталады

"Алтын күз" спартакиадасы басталады

Қармақшы ауданы әкімдігі: 3 қазан күні Қармақшы ауданында ауыл спортшыларының XXXIIІ «Алтын күз - 2019» облыстық спартакиадасы басталады. Жарысқа облыстың 7 ауданынан мыңнан аса спортшы спорттың 16 түрінен: волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, асық ату жəне бес асық бойынша сынға түседі.
Мақсаты – бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру болып табылады.
Спартакиаданы ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қармақшы ауданының әкімдігі.
Жеңімпаз жəне жүлдегер командалар 5 қазан күні анықталады.
САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ 3 ҚАЗАН САҒАТ 17.00-де ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНЫНДА 09.00-де БАСТАЛАДЫ.
03 қазан 2019 ж. 2 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 077

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930