» » Спортшыларды сарапқа салған спартакиада

Спортшыларды сарапқа салған спартакиада

Тұрғындарды бұқаралық спортқа тартып, саламатты өмір салтын қалыптастыруда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жүргізген жұмысы аз емес. Қармақшыда аталып өтетін мереке, ас пен тойды спорттық жарыссыз елестете алмайсыз. Жастар жылы аясындағы үлгілі істер мен ерекше ұйымдастырылған шаралар көңіл көтеріп, көз сүйсінтеді. Діттегеніне жетіп, алға талпынуға, жеңіске жігірлендіріп, намысты оятуға баулитын бұқаралық спорт түрінің қай-қайсысы да қызықтырмай қоймайды.
Өткен аптада аудандық спорт кешенінде ауыл жастарын достыққа шақыратын «Алтын күз – 2019» спартакиадасы өтті. Оған Жастар ресурстық орталығы жинақтаған 11 команда, 150-ден аса спортшы қатысты. Ал тамашалауға келген көрермен қарасы тіпті көп. Бұл аудан халқының басым бөлігі бұқаралық спортқа қызығады деген сөз.
Спортшылар шағын футбол, қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тарту, үстел теннисі мен асық ойнап жарысты.
Үстел теннисінен ІІІ орынды Ақтөбе, ІІ орынды Қармақшы, І орынды Жаңажол ауылдық округі командасы иеленді. Қол күресінен ІІІ орынға Ақтөбе, ІІ орынға Қармақшы, І орынға Жаңажол ауылдық округі командасы лайық деп танылды. Гір тасын көтеруден ІІІ орынды Қуаңдария, ІІ орынды Қармақшы, І орынды Жаңажол ауылдық округінің командасы еншілесе, асық ойнаудан ІІІ орынды Ақжар, ІІ орынды Ақтөбе, І орынды Жаңажол ауылдық округінің командасы қанжығаға байлады. Арқан тартыстан ІІІ орынға Ақтөбе, ІІ орынға Қуаңдария, І орынға Жаңажол ауылдық округі командасы көтерілді. Шағын футболда үздік ойын үлгісін көрсеткен Жаңажол ауылдық округінің командасы ІІІ орын, Жастар ресурстық орталығы командасы ІІ орын, Т.Көмекбаев ауылдық округінің командасы І орынмен марапатталды.
Жалпы командалық есепте ІІІ орынды 41 ұпаймен Ақтөбе ауылдық округінің командасы, ІІ орынды 53 ұпаймен Қармақшы ауылдық округінің командасы иеленді. Ал Жаңажол ауылдық округінің командасы 64 ұпаймен жеңіске жетті. Жеңімпаздар алдағы күні ауданда өтетін облыстық «Алтын күз – 2019» спартакиадасына қатысады.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
20 тамыз 2019 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930