ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің спорт залында Қармақшы Ата мешіті және Ораз Мұхаммед Ахун мешіттерінің жамағатымен бірге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қармақшылық иманды жастардың қайырымдылық турнирі өтті.
Қайырымдылық шарасы ауданымыздың қайырымды жастарының спорттың шағын футбол, арқан тартыс, гір тасын көтеруден өткізілді.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев ашып, жылы лебізін жеткізді.
Спорттық жарыстың мақсаты - аудан жастарының арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Сонымен қатар спорттық шарада қатысушылар қайырымдылық жәшігіне қаржылай көмектесіп, жиналған қаржы есебінен Жосалы кенінде тұратын жағдайы төмен отбасылары мен көп балалы отбасыларға қолдау көрсетілетін болады.
Жарыстың жеңімпаздарымен жүлдегерлеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы диломдары мен медальдары табысталды.
Спорттық жарысқа 17 команда 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздарын атап айтар болсақ, Шағын футболдан
«Үздік қақпашы» номинациясымен –Пернебаев Талғат
«Үздік шабуылшы» номинациясымен – Мырзалиев Айдос
«Үздік қорғаушы» номинациясымен – Бәлібаев Берік
«Үздік ойыншы» номинациясымен – Жалғасбаев Айбек
«Үздік сұрмерген» номинациясымен – Орынтаев Медет
І орынды – 1992 жылы туылған спортшылар командасы, ІІ орынды – 1988 жылы туылған спортшылар командасы, ІІІ орынды – 1990 жылы туылған спортшылар командасы иеленді. Арқан тарыстан І орын – 1984 жылы туылған спортшылар командасы, ІІ орын – 1985 жылы туылған спортшылар командасы, ІІІ орынды- 1989 жылы туылған спортшылар командасы иеленді. Гіртасын көтеруден І орын – Мұқамбетов Салават, ІІ орын – Шаймаханов Нұрлан, ІІІ орын – Әбдіқали Әділет марапатталды.