» » Шағын футболдан аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

Шағын футболдан аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

Осыдан 3 айдан аса уақыт бұрын аудандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен шағын футболдан аудан чемпионаты басталған болатын. Үшінші мәрте өткізілген дүбірлі додаға ауданнан 8 команда, 100-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Спорттық бәсеке бүгін өз мәресіне жетіп қорытындыланды. Дүбірлі додаға аудандық футбол федерациясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов қатысып, спортшыларды марапаттады.
–Өздеріңізге белгілі былтыр басталған шағын футбол бүгін міне мәресіне жетіп отыр. Сіздер осы уақытқа дейін жақсы, тартысты ойын көрсеттіңіздер. Қазақта "Бақ шабама, бап шабама" деген тәмсіл бар. Бүгін міне бақтарыңызға қарай жеңген команда чемпион атанады. Бұдан кейін де футболдан жарыс ұйымдастырылатын болады, – деді федерация төрағасы Әділ Үсенұлы.  
Нәтижесінде І орынды "Жамағат" командасы жеңсе, ІІ орынды "Қорқыт еті" командасы, ІІІ орынды "Жандос" командасы иеленді. Номинация бойынша Әсет Әріпов "Үздік ойыншы", Асқар Жақсылықов "Үздік қорғаушы", Дулат Бисенбай "Үздік шабуылшы", Нұрлыбек Машенов "Үздік қақпашы", Бауыржан Райымбетов "Үздік сұрмерген" атанды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ 
21 наурыз 2022 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031