» » Шағын футболдан аудандық ашық біріншілік өтті

Шағын футболдан аудандық ашық біріншілік өтті



2021 жылдың 5 қарашада бастау алған Қармақшы аудандық футбол федерациясының аудан біріншілігі, әр аптаның сенбі күндері өткізіліп келеді.
Іс-шара «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы», Қармақшы аудандық білім бөлімі мен Қармақшы аудандық футбол федерациясымен бірлесіп өткізілуде.
Спорттық шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын жүзеге асыру; ауданда спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, тұрғындарды дене шынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылдануға тарту жөніндегі тұрақты жұмыстар жүргізу, футболшылардың шеберлік деңгейін одан әрі көтеру, спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету, аудан құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру.
Біріншілік 2 айналым,14 турдан тұрады.
«ҚАРМАҚШЫ» аудандық футбол лигасының І айналымы өз мәресіне жетті.
ҚАРМАҚШЫ аудандық футбол лигасына 8 команда 80-ге жуық спортшы қатысып келеді.
Біріншілік 1 айналым,7 турдан қортындысы бойынша.
VIІІ орынды - АҚЖАР КОМАНДАСЫ
3 ұпаймен VIІ орынды – 183 ОРТА МЕКТЕП КОМАНДАСЫ
8 ұпаймен VI орынды – ТҰЛПАР КОМАНДАСЫ
13 ұпаймен V орынды – №250 МЕКТЕП – ЛИЦЕЙ КОМАНДАСЫ
13 ұпаймен ІV орынды – ЖАНДОС КОМАНДАСЫ
14 ұпаймен ІІІ орынды – 26 ОРТА МЕКТЕП КОМАНДАСЫ
15 ұпаймен ІІ орынды – ЖАМАҒАТ КОМАНДАСЫ
15 ұпаймен І орынды – ҚОРҚЫТ ЕЛІ КОМАНДАСЫ
І айналымының қорытындысымен үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларды «Қармақшы аудандық футбол» федерациясы дипломдары табысталды.
«ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН Жандос командасының ойыншысы Бақытжанұлы Азамат, «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН №250 мектеп-лицейінің ойыншысы Бақбергенұлы Бейбарыс, «ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН №183 орта мектеп командасының ойыншысы Ордабекұлы Тайыр, «ҮЗДІК СҰРМЕРГЕН» НОМИНАЦИЯСЫМЕН – Жамағат командасының ойыншысы Талғатбекұлы Бауыржан, «ҮЗДІК КОМАНДА» НОМИНАЦИЯСЫМЕН Ақжар командасы, «МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҒЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН №26 орта мектеп командасының ойыншысы Қалданұлы Асылжан, «ҮЗДІК ГОЛ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН Қорқыт-елі командасының ойыншысы Кенжетайұлы Тәуекел мараппаталды.

07 ақпан 2022 ж. 738 1

Noemi от 11 желтоқсан 2022 12:50
Hi there! I'm writing to let you know about an incredible new AI tool that can help with various tasks related to website copywriting and SEO. It's been used by some of the biggest companies in the world, such as Airbnb and google. So if you're looking for a powerful tool to help take your website to the next level, this is definitely worth considering! Plus, to make things even better, I'm giving away 10,000 words for free so that you can try it out for yourself. To get 10k words, just go to https://aiwritingmeta.com/

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031