» » ҚАРМАҚШЫДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН І-ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН І-ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жастар жылы аясында Қармақшы ауданының шағын футболдан І-чемпионаты ұйымдастырылды. Футбол біріншілігі үстіміздегі жылғы 17 ақпанда бастау алып 12 мамырда өз мәресіне жетті. Біріншілікке аудан көлеміндегі мекеме және ұжымдардан 8-команда бақ сынады.
Ауданымызда футбол спортын дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, спортшылардың шеберлігін шыңдау, ізбасарлар дайындауды қалыптастыру және облыс біріншілігіне қатысатын аудан құрама командасын жасақтау болып табылады.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық футбол федерациясының төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлы жеңімпаз командаларды қабылдап, жүлдегерлерді марапаттады.
1-орынды №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, 2- орынды «Жаңа Халық» командасы, 3-орынды «Аудандық емхана» командасы, 4-орынды №15 ОРМБЖМ командасы иеленді.
Сонымен бірге «Үздік қақпашы» номинациясымен - Боранбаев Сағындық (Аудандық емхана командасы),«Үздік қорғаушы» номинациясымен-Әлжанұлы Марат(№250 мектеп-лицейі командасы),«Үздік шабуылшы» номинациясымен-Шамшадинов Айбек (Жастар командасы),«Үздік сұрмерген» номинациясымен-Сұлтанбеков Рахат (№16 БЖСМ командасы)«Ең үздік гол салған ойыншы» номинациясымен - Қалымбетов Жеткерген (Акимат командасы), «Үздік ойыншы» номинациясымен-Арғынбаев Қабанбай (Цон командасы) марапатталды.
Марапатталған командалар мен жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар, арнайы диплом мен кубок табысталды.
«Қармақшы ауданының футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігі заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті және алдағы уақытта осы спорт түрін дамыту қоғамдық бірлестіктің басты міндеті болып табылады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
13 мамыр 2019 ж. 2 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930