» » Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері марапатталды

23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Мұса Қалдарбеков сала үздіктерін марапаттады.

Қармақшы ауданының әкімдігінде өткен кездесуде аудан басшысы кәсіби мерекеге байланысты мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне және сала ардагерлеріне ізгі лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді.

-Ауданымыздың көркейюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін табуы мемлекеттік қызметшілердің еңбегі мен білім-біліктілігіне байланысты. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жас мемлекетті қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметкерлер ерекше еңбек сіңірді және оны уақыт талабына сай жалғастырып келеді. Елге қызмет ету қашан да мерейлі мәртебе екенін ойласақ, өңірімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге шынайы ризашылығымызды жеткіземіз. Сонымен қатар бүгінгі мемлекеттік қызметшілер күнімен қатар келген полиция саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға елеулі үлес қосып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын орнықтыруда уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман, полиция мен мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі биік болсын,- деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.

Кездесу барысында полиция саласында ұзақ жылдар еңбек еткен сала ардагері Есет Назарқұлов сөз алып, кәсіби мерекеге орай ізгі лебізін білдірді.

Кәсіби мерекеге арналған кездесуді аудан басшысы қорытындылап, мемлекеттік қызметшілер мен полиция саласының үздіктеріне алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер күніне арналған шағын футбол мен волейболдан өткен жарыстағы жеңімпаз командалар аудан әкімінің кубогымен марапатталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 маусым 2021 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930