» » ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛІРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛІРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы антына адал ел алдында қалтқысыз қызмет етіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының марапаттарын, облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
- Ауданымыздың көркейюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін табуы мемлекеттік қызметшілердің қажыр қайраты мен білім-біліктілігінде үлкен жауапкершілікті сезінуінде. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерімізге байланысты – деп атап айтып өтті аудан басшысы өз сөзінде.
Бүгінгі күні аудандық мәслихат аппаратын қосқанда ауданда 169 штат бірлігі шеңберінде мемлекеттік қызметкерлер халықпен бірлесе жұмыс жасап келеді.
Сонымен бірге салтанатты шарада ауданымызда мемлекеттік қызметке кіріскен жас мемлекеттік қызметшілеріміз Ант беру рәсімі өтті.
Салтанатты шара Мемлекеттік қызметшілер мен Полиция қызметкерлерінің арнайы дайындалған концерттік бағдарламасына жалғасты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 маусым 2019 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 193

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930