Конституция
» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Қызылорда қаласында өткен облыстық «Мемлекеттік қызмет аруы» байқауына Қармақшы ауданынан қатысқан жетекші маман Рауабану Қарекеева жүлделі 2-орынды иеленді.
Еліміз бойынша алғаш рет өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасындағы нәзік жандылардың байқауы «23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесіне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өтті. 
Байқауға қатысушы арулар «Менің таңдауым мемлекеттік қызмет» бейнебаяндар арқылы өздерін таныстырып, «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» даналық сөздердің мағынасын ашу, «Өнер» және «Тақырыптық қойылым» секілді, 4 кезең бойынша бақтарын сынады.
Қатысушылар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Статистикалық мәліметке сәйкес, Сыр елінде 1657 азаматша мемлекеттік қызметте еңбек етуде. Аймақтағы барлық мемлекеттік қызметшілердің 44,6 пайызын әйелдер құрап отыр.Олардың 749-ы жергілікті атқарушы органдарда, ал, 908-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
14 маусым 2019 ж. 1 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031