» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай және «Challange Сенің жаңа қырың» республикалық спорттық бастаманы қолдау мақсатында Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында веложарыс өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген веложарыс арқылы Сырбойылық мемлекеттік қызметшілер де, Елбасы бейнеүндеу жариялап, қолдау білдірген «Challange сенің жаңа қырың» акциясына облыс тұрғындарын белсене қатысуға шақырды.
Веложарыстың мақсаты - мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық мерейтойы аясында «Challange Сенің жаңа қырың» республикалық спорттық бастаманы қолдау, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болып табылады.
100-ден аса мемлекеттік қызметшілер қатысқан спорттық іс-шаралар «Сыр Ана» монументі алаңында ашық жаттығулар өткізуден басталды. Сенбілік таңда қала тұрғындарымен бірге кешенді жаттығулар жасап, бой сергіткеннен кейін, спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер веложарыста бақтарын сынап көрді.
Қызықты да тартысты өткен веложарыстың жеңімпаздары Департаменттің дипломымен, кубогімен марапатталды
27 мамыр 2018 ж. 1 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 281

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031