» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Қармақшы ауданы әкімінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ұ.Байхожаевтың және Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұлы Сыр өңірінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылғандығын, арнайы дайындалған слайд арқылы жүргізілген жұмыстар туралы айтып өтті.
Жобалық кеңсенің негізгі міндеті – аймақта тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік қызмет көрсету барысында халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті шаралар қабылдау болып табылады.
Тиісінше, жобалық кеңсенің құрамына мемлекеттік қыз¬метшілермен қатар, қоғамдық ұйымдар өкілдері де енгізілгендігі туралы тоқталды.
Сонымен бірге кездесуде Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары – Тұрымтаев Қайрат Қазиханұлы, Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы – Қамзаев Қайрат Шәдібекұлы қатысып, сала қызметкерлі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 сәуір 2019 ж. 1 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930