» » «БАЙҚОҢЫР ӘКК» ҰК» АҚ-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«БАЙҚОҢЫР ӘКК» ҰК» АҚ-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында отырыс өткізілді.Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Е.Тленов және Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызеткерлері қатысты.
Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Б.Байхожаев пен Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Е.Тленов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлық әрекеттері ойында боламаса да кей азаматтар қателікке бой алдырып жататындығын, заң білмеген жауапкершіліктен құтқармайдығын, сыбайлас жеқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясатқа құлақ аспай, ойындағыны жасайтын болса, онда әрине оны түбінде темір тор күтіп отырғандығын да ескерте кетті.
Сонымен қатар, республика бойынша өткен жылдың 12 айында 2 237 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс анықталған. Оның 89-ы жүйелі жемқорлық фактісі бойынша 257 тұлғадан тұратын қылмыстық топ құрықталған. Орындалған жұмыс актілеріне қол қою және тендерлерде ұтуды қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлерден пара алудың 269 фактісінің жолы кесілген. Жалпы, өткен 2017 жылы 7,5 млрд. теңге, ал соңғы 3 жылда 17 млрд. теңге мемлекет қазынасына қайтарылған.
Елбасы өз Жолдауында «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» деп атап өткені мәлім. Бір қуантарлығы соңғы жылдары жалпы облыста тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар санының төмендеуі байқалады.
05 шілде 2018 ж. 1 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930