» » КОРРУПЦИЯ – БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЛАМЫНДА

КОРРУПЦИЯ – БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЛАМЫНДА

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты форум аясында, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында үздік журналистік жарияланымдар конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Конкурс, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланым», «Үздік интернет жарияланым» секілді 3 номинация бойынша өткізілген болатын.
Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясымен «QYZYLORDA» телеарнасының тілшісі Әділбек Жаханов, «Үздік интернет жарияланым» номинациясы бойынша «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Әділжан Үмбет, «Үздік баспа жарияланым» номинациясы бойынша І-ші дәрежелі дипломмен «Халық» газеті бас редакторының орынбасары Қозы-Көрпеш Жасаралұлы марапатталса, «Сыр бойы» облыстық газетінің тілшісі Мөлдір Қалымбет осы номинацияның ІІ-ші дәрежелі дипломының иегері атанды.
Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.                                     
28 маусым 2018 ж. 1 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 882
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930