» » Тәуелсіздік күніне орай бірқатар азаматтар марапатталды

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар азаматтар марапатталды


Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың қатысуымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты шара өтті.

Шараға түрлі салада еңбек етіп, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты.

«Баршаңызды егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Елдің даму көшінде Қармақшылықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар.Мұның бәрі берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!», - деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.

Сонымен қатар салтанатты шарада аудан әкімі Мұса Оспанұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атақтары табысталды.

Сондай-ақ мерекелік шарада сала үздіктері облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында спорт, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы, өндіріс және бизнес салаларының өкілдері бар.

Шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілер Қармақшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Амантаев Мақсат Бакарамұлы мен Мұратбеков Жеткерген Мұратбекұлы ант берді.

Айта кету керек, іс-шара барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, өткізілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 желтоқсан 2020 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930