ҚҰТТЫҚТАУ!
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Егемен еліміздің ең ұлы, ең қасиетті мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі мерекенің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен Теңдік, Азаттық пен Елдік, Береке мен Бірлік – ең қымбат, ең асыл ұғымдар.
Тарихты таразылап қарасақ, халқымыздың басынан сан қилы кезеңдер өтті. Ежелден еркіндік аңсаған еліміздің қатпарлы тарихы тәуелсіздік жолындағы күреске тұнып тұр.
Ата-бабаларымыз сұрапыл соғысты да, аштық пен жоқшылықты да көрді. Бірақ басынан бағы таймаған халқымыз елдігі мен бірлігінің арқасында осының бәрін жеңе білді. Ғасырлар бойы армандаған азаттыққа қол жеткізді. Тарихи табыстарға ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен барша қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жетті.
Елдің даму көшінде Қармақшылықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама, игі істер бар.
Тәуелсіздік – қашанда киелі құндылық. Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілеймін!
Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі
С.Мақашов
Пікір 1