» » ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН - ТӘУЕЛСІЗДІК

ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН - ТӘУЕЛСІЗДІК


Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай «Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиыны өтті.


Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы аудан тұрғындарын еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап жылы лебізін жеткізді.
-Бүгінгі мерекенің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік, береке мен бірлік, тілі мен дәстүрі – ең қымбат, ең асыл ұғымдар. Біздер, абыз аталарымыз сан ғасырлар бойы армандаған азатты, арайлы күнге жеттік. Баһадүр бабаларымыз жанын пида еткен тәуелсіздік туы осыдан 27 жыл бұрын көкте желбіреді. Тәуелсіздік – біздер үшін баға жетпес бақыт – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сонымен бірге ауданымыздың өсіп өркендеуіне үлес қосқан түрлі саланың өкілдерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Сондай-ақ шәкірттері халықаралық және облыстың мақтанышына айналған, өңіріміздің рухани – мәдени дамуына серпінді үлес қосқан мәдениет саласының майталманы жыршы Зәуре Кәрібаеваға, Жосалы кенті орталығындағы №15 жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Асылов Маратқа «Астана қаласының 20 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты жиын мерекеге арнайы дайындалған аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.
13 желтоқсан 2018 ж. 1 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728