» » » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі С. Мақашов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мәдениет пен өнер саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ сала мамандарына алғыс хаттар табыстады. 
Аудан мәдениетін көтеруде, елге рухани – мәдени тәрбие беруде өнер майталмандарының жасап жатқан еңбегі ұшан – теңіз. Халықаралық, республикалық өнер байқауларында аудан, облысымыздың ғана емес исі қазақ халқының өнерін паш етіп жүрген Алдамжарова Малика, Бақытова Тоғжан, Оңғарқызы Арай, Бибімариям Серік, Айдынұлы Ақсұңқар сынды жас талаттар танытса, өнер иелерінің тәрбиесін көріп, бүгінде үлкен сахналарда жүрген айтыскер ақын Әділбеков Сырым, белгілі жас әншілер Әлтаев Азамат, Руслан Ризманов, жақында ғана өткен Кеңес Дүйсекеев атындағы республикалық әншілер конкурсының ІІ орын иегері Арайлым Мұхамбетжанова сынды таланттармен мақтануға болады.
Салтанатты шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Наурызбаева сала мамандарына жылы лебізін жеткізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.
22 мамыр 2018 ж. 2 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930