» » ҚАРМАҚШЫ ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ МЕКЕНІ

ҚАРМАҚШЫ ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ МЕКЕНІ

Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Қармақшы – елдік пен ерлік мекені!» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияға облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы және аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысты.
Конференция Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай түсірілген деректі фильм көрсетілімімен басталып, облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы құттықтау сөз сөйлеп, конференцияны ашық деп жариялады.
Конференция барысында Осы мерейтойға орай ауданымыздың тарихы мен табиғатын, мәдени мол мұрасы мен осы топырақта дүниеге келген күміс көмей жыршы-жыраулары мен дулығалы батырлары, дуалы ауыз билері мен еңбек ерлері, айтулы азаматтары мен тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктері туралы жазылған кітаптың тұсауы кесілді.
Әрі қарай, осы кітаптың Ақылдастар алқасының жетекшісі Бағдат Кәрібозұлы және Әзілхан Әуезханұлы, Бақберген Сәрсенұлы, Темірхан Сахаұлы, Алмасбек Нұрмаханұлы ауданымыздың 90 жылдығына орай құттықтауларын жеткізіп, баяндамалар оқылды.
Шара соңында Т.Көмекбаев, қуаңдария, Алдашбай ахун ауылдық округ шаруашылықтарына облыс әкімі жаңа трактор кілтін табыстады.
13 қазан 2018 ж. 1 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031