» » Қ Р ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ МЕН БЕКМЫРЗА ЕЛАМАНОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДА БОЛДЫ

Қ Р ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ МЕН БЕКМЫРЗА ЕЛАМАНОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДА БОЛДЫ

Бүгін ауданға арнайы іс сапармен Қ Р Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлы келіп аудан акивімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты Елбасымыз Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және 5 наурыз күні «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінен …туындайтын мақсаттар мен міндеттерді өңірлерде жүзеге асыруда ақпараттық – насихаттау болып табылады.
Жиынды аудан әкімі С. Мақашов жүргізіп, алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт бағдарына Елбасымыздың Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша іс-шаралар атқарылып отырғандығына тоқталды.
Парламент Сенатының депутаты Б.Еламанов «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінен туындайтын міндеттерді өңірлерде жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды талдап, пікірін білдірді. Сонымен бірге М. Бақтиярұлы еліміз экономикалық дамудың инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсуі тиіс екендігіне тоқталып. еліміздегі жүргізіліп отырған реформаларға пікірін білдірді.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов, аудан ардагері Ә.Құлдүйсенов, аудандық мәслихат депутаты А. Қаржаубаев сөз сөйлеп ұсыныстарын жеткізді.





31 наурыз 2018 ж. 2 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 187
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031