» » СЕНАТОР МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

СЕНАТОР МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті сенатор мәслихат жұмысымен танысты
Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов ауданымызда болып, өңір экономикасы мен тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысты.
Сенатор Б.Еламанов туған жерге сапары барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, онда ҚР Парламенті Сенаты отырыстарында өткен жылы атқарылған жұмыстарды, оның ішінде ҚР Конституциясы мен Заңдарға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер, сонымен бірге Елбасының жақында ғана «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған дәстүрлі Жолдауындағы Қазақстан халқының әлеуетін арттыруға арналған басымдықтар, нақтырақ айтқанда 10 міндетпен таныстырды.
– Елбасы Жолдауы біздің жарқын болашағымыздың кепілі, онда айқындалған мақсат-міндеттердің барлығы да ел ертеңіне арналған. Жолдауда еліміздің әлемдегі экономикасы ең озық елдер қатарына қосылуына нақтыланған мүмкіндіктер жасайтын 10 өзекті міндет белгіленіп берілді. Онда бүгін атқарылатын жұмыстар, ертең бағындырылатын белестер жан-жақты таразыланған. Адамзат тың жаңа өнеркәсіптік революцияға аяқ басқаны өмір шындығы. Бұл жетістікке біз Елбасының сара саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз, – деді сенатор.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаттары Марат Наятұлы, Алмасбек Қаржаубаев, Күлжауһар Раева, Бақытжан Нысанбаев, Дастан Бухановтар өздерінің көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін зерделеп, ойларын сараптады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
22 қаңтар 2018 ж. 1 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930